Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Ұлттық құрылтай құру туралы Жарлыққа қол қойды. Ережеге сәйкес Ұлттық құрылтай Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Оның қызметінің мақсаты — қоғамдық шоғырлануды одан әрі дамыту бойынша идеялар мен қадамдарды әзірлеу болып табылады.
Ұлттық құрылтайдың құрамына РАА төрғасы Айдын БИКЕБАЕВ және адвокат, «Құқық қорғаушы» қоғамдық қорытының тең құрылтайшысы Айман ОМАРОВА кірді.
Ұлттық құрылтай негізгі міндеттерінің қатарына қоғамдық топтастыруды дамыту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету мен нығайту жөнінде ұсыныстар әзірлеу мен енгізу, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор мен мемлекеттік органдар өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету, өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру кіреді.
Ұлттық құрылтайдың құрамы белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың, бизнес-қауымдастықтардың, сарапшылар қоғамдастығының және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Қоғамдық кеңестерінің өкілдерінен құралады. Ұлттық құрылтайдың төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті, жұмыс органы – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болып табылады.
Ұлттық құрылтайдың ұсынымдары мен ұсыныстары мемлекеттік органдар үшін міндетті, олар қабылданған шаралар туралы Ұлттық құрылтайды хабардар етуге тиіс.
Похожее
Статьи по теме
В очередной раз готовится к рассмотрению концепция законопроекта «О дактилоскопической и геномной регистрации», разработчиком которой является МВД РК. Сама по себе идея не нова. Начиная с 2001 года, в Казахстане,...
Коллегией адвокатов города Астаны направлены обращения Руководителю Администрации Президента РК Джаксыбекову А.Р. и министру юстиции РК Бекетаеву М.Б. ОБРАЩЕНИЕ Коллегии адвокатов г. Астаны по Концепции проекта Закона Республики Казахстан ...
В онлайн формате прошел международный круглый стол на тему: «Рассмотрение Конституционным Советом запросов судов общей юрисдикции». Мероприятие организовано Конституционным Советом совместно с Венецианской Комиссией в рамках Совместной программы Европейского Союза...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының қарауына Қаржы министрлігі ұсынған «Оңалту және банкроттық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан...